Өткен ғасырдың сарқытындай боп жықпыл-жықпылдың, қуыс-қуыстың арасында қалып кеткен мына жәутік тамдар бір кездегі кедейшілік пен жоқшылықтан бас көтермеген Кореяның шынайы келбетін көз алдыңа әкеледі. Кезінде Сеул бірыңғай осындай үйлерден тұрған дейді білетіндер. Қазір мұндай үйлерді Сеул көшелерінен іздеп таппайсың. Айналдырған жиырма-отыз жылда адам сенгісіз серпімді секіріс жасауға болады екен. Ұлтарақтай ғана жері бар, жерасты, жерүсті байлықтарына бөгіп отырмаған Корея соны дәлелдеді. Иә, Сеул бір күнде салынған жоқ. Мың-миллиондардың қажыр-қайраты мен ақыл-ойы, ащы тері төгілді осы жолда. Тонның ішкі шалғайындай боп қалып кеткен осынау бір алақандай жер көөөөп сыр айтып тұрғандай болады маған.
Posted by: rauan | Қараша 23, 2011
ТАРИХИ КОНТРАСТ
Posted in Uncategorized | Ілмектер: Оңтүстік Корея, Сеул
Рауан, бұл үйлерде адам тұра ма екен? әлде әдейі көненің көзі ретінде сақтап қойған ба?
Тап осы үйлерді “Моя 11-ая мама” деген фильмде көрген едім. (кәрістердің өздері түсірген).
By: Кәусар on Қараша 23, 2011
at 8:43 am
Меніңше, тұрмайтын болуы керек. Өйткені мен әдейі олай-былай бақылап қарап ем, қыбырлаған тіршілік иесін байқамадым. Біртүрлі мүлгіген, өлілер мекеніндей көрінді. Ал сіз айтқан фильмді осындай үйлерде түсірсе керек, Сеулдің сырт жақтарында, ауылдарында әлі сақталған ғой.
By: rauan on Қараша 23, 2011
at 9:11 am
Менің ойымша, тұратын сияқты. Себебі, Корея қанша дамып кеткен мемлекет болғанымен, мұнда да кедейлер, далада өмір сүретіндер көп қой. Кеш жүрсеңіз, метрода астына қағаз төсеп ұйықтайтындарды кездестіруге болады. (Естуімше, олардың арасында қыздар да бар) Әсіресе, Сеул станциясында өте көп, ондай адамдар. Оларға да арналған арнайы орындар бар көрінеді.(Бір уақ жуындырып, тамақ беретін) Бірақ бәрін бірдей қамтамассыз ете алмайды ғой.
By: ara0513 on Қараша 23, 2011
at 11:59 pm
Рауаш, әйтеуір осылай Сеулдің реалды көріністерін беріп тұрғаның жақсы болды. Әйтпесе, бізде тым қатты романтикаға беріліп, ес-түссіз ғашық болып жатқандарды көргенде шошитын болдым.
By: urimtal on Қараша 24, 2011
at 5:48 am