Өзім жайлы

Аты-жөнім – Рауан СӘБИТҰЛЫ. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылының тумасымын. Ата-анам кішкентай күнімнен әдебиетке баулып өскендіктен көркем әдебиет оқығанды, әңгіме, өлең шимайлағанды жақсы көретінмін. Бірақ есейе келе жазушы болсам деген балалық арманым өзгеріп, саясатты жаныма серік еткім келді. Сол себепті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетіне оқуға түстім. Десе де қолымнан қаламымды тастағам жоқ, бірер жыл журналистика саласында қызмет еттім. Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің атынан Сеулдегі Ханкук Шетел Зерттеулері университетінде магистратураның бір семестрлік оқу бағдарламасынан өтіп жатырмын. Бөтен елде жүргенде көңілге түйіп, жадыңа тоқып жүретін нәрселер көп болады. Кейде соларды өзің ғана емес, өзгелердің де білгенін қалайсың. “Бел астындағы беймәлім жұрт” айдарымен ашып отырған блогымды Оңтүстік Корея еліндегі жазбаларыма арнағанды жөн деп білдім. Таңғы шық елінің таңғажайыптарын бірге тамашалайық!

Responses

  1. Тезірек жаңаланса екен! Сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз. Қазақ тілініде блог бастасам деген ниетіңізге тәнтімін. Қазақ тілінді блог жүргізуге байланысты төмендегі блогтардан пайдалы мәліметтер ала аласыз: http://qazaqblogshilar.wordpress.com,
    http://bloggingstan.com
    Сәттілік тілеймін!

  2. Құтты болсын! Сәттілік тілеймін, жазар көбейсін! :)

  3. Сәттілік тілеймін! Аман-есен оқып қайт! Блогың құтты болсын!

    • Әмин! Аллаһ разы болсын!

  4. Құтты болсын, Рауан! Кейііін Жұмақта Рауан отыр, есептесе біраз сауабы блогтан екен ;)
    Солай болсын! :)

    • Әмин! Рахмет, Кәмшат! Байқаймын, сен маған үлкееен жауапкершілік артып отырсың. Енді осыдан кейін бірдеңе деп бұлтарып көр.))))

  5. Араға 4 жыл салу деген таң қаларлық.

  6. assalaumagaleıkum! kalaisiz? men bloginizdagi jazgandarinizdy okip shyktim! kizikty eken! kazir de sol jaktasiz ba?

    • Уағалейкум асссалам, Шәке! Пікіріңізге үлкен рахмет! Иә, әлі осындамын, келгеніме бір айдай уақыт болып қалды.

  7. Рауан аға, блогыңыз құтты болсын!

    • Рахмет, Әйгерім! Біздің ауылға жиі-жиі ат басын бұрып тұрғайсың!))

  8. Блогтағы жазбаларыңыз маңдайшадағы сурет сияқты екен.

    • Рахмет, Аллаһ разы болсын!

  9. жақсы жазбаларыңыз көп болсын! Беймәлім ел жайлы көп мәлімет оқимыз деп сенем! Сәттілік!

    • Рахмет көп-көп! Қолым қалт еткенде ойға түйгенімді жазып тұруға тырысам.

  10. О О О О Рауан мырза, сени агентке, мирға кирмеди деп уайымдап журсем, блог бастап, соның шыжығына батып кеткен екенсин гой. Аман болсан болды, блогын кутты болсын! Сенин жазар нәрсе табатыныңа сенемин гой!

    • Рахмет, Қара қыз, сеніміңді ақтауға тырысамын)))
      Қазақстанда уордпресс ашып тұр ма?

  11. Менин Кореяға калай кызығатынымды билесин гой! Кашан барам екен Кореяға? Сон Иль ГУк жане Ким НАм ГИльмен сухбаттасып, автограф акел, айтпесе киргизбеймин Казакстанга десем да

    • Қойшы, оларды қайтесің? Одан да менен автограф алсаңшы, ккккк!))))

  12. катты куанганымды билсен гоййййййййййййййййй , сенин жазганынды корип. Сагынып кеттим гой, кайда тилдеспегели. Агентке кирип туршиш. казан айынан бир кируге сондай уакыты жок па не деп мазасызданып коям. мазасыз екенимди билесин го…………………………………………………….. Кореяда кушти екен, фотоларынды, блогынды карап журм го. Бибисиз, менсиз, Аккунсиз кушти жерлерге барып жур екенсин гой, дә? Ол екеуи сени сурап кояд, сосын мен тауып алдым сени кашып журген жериннен десем да? ыалдында келгенде айтам деген кызыгымды умыткан жоксын ба?

    • Әрине, ұмытқан жоқпын!))) Жауап беретін кезің жақын. ккккк)))

  13. яяя ашып тур


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.